Жаңалықтар
Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күніне арналғанреспубликалық айлық консепсиясы
Қазақстан Республикасында туберкулезбен күрес ең маңызды бағыттардың бірі болып отыр. Елбасының тапсырмасында да бұл мәселенің маңыздылығы аталып өткен. Соңғы үш жылда бұл дерт 4,9 пайызға төмендеді. Туберкулез ауруынан қайтыс болғандардың көрсеткіші 15 пайызға азайып отырғанмен де, әлі бұл дертпен ауырғандардың, қайтыс болғандардың саны да әлі жоғары деңгейде қалып отыр. 2008 жылғы көрсеткіш бойынша ауырғандар саны (100 000 тұрғынға шаққанда) 125,3 пайызға, қайтыс болғандар саны 17,2 пайызға жетіп отыр. Мұндай көрсеткіш біздің елімізге орны толмас экономикалық-моральдық, әлеуметтік жағдайға орасан зор зиянын келтіріп отыр.
Балалар туберкулезі 2006-2008 жылдармен салыстырғанда 16,7 пайызға азайғанымен, 2008 жылғы көрсеткіш 26,4 пайызды ( 100 000 тұрғынға шаққанда) құрап, әлі жоғары деңгейді көрсетіп тұр.
Республикамызда туберкулездің көптеген дәріге төзімді түрімен ауыратындар санының қоры әлі де үлкен мөлшерде қалып отыр. Мысалы, 2008 жылы туберкулезге көп дәріге тұрақты түрі 5,8 пайызға сәйкес келеді. (100 000 тұрғынға шаққанда). Қазақстанда жыл сайын 23 000-ға дейін адам туберкулездің әртүрлі ағзадағы жаңа түрлері тіркелуде. Дүние жүзінде жылына 8,4 миллион адам туберкулездің жаңа түрлерімен тіркеліп, солардың 1,6 миллионы қайтыс болып отыр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының эксперттерінің сараптамасы бойынша 2020 жылы дүние жүзінде 200 000000 адам туберкулезге ұшырап, оның 70 000000-ы қайтыс болуы ықтимал. Жүкті әйелдердің туберкулезбен ауруы олардың бала көтеруі мен тууына үлкен зиянын келтірумен қатар иммунитеттерін әлсіретеді. Қазақстанда жылына 800-900-ге жақын туберкулез ауруына шаклдыққан әйелдер босанады. Жұқпалы аурулардың ішінде әйелдер арасында туберкулезден қайтыс болу жиірек тіркеледі. Дүние жүзінде 64 000000 әйел туберкулез ауруын жұқтырған. Солардың ішінде 3,1 000000 –ы туберкулезбен ауырып, 1 000000
осы аурудан көз жұмады. Жүкті әйелдердің туберкулезбен ауруы дәрігерлердің алдына үлкен келелі мәселе жүктеп отыр. Бір жағынан жүктілік, бала туу, бала туғаннан кейінгі кезең, бала емізу – туберкулездің асқынған түріне әкеліп соқтырса, екінші жағынан туберкулез ауруының жүктілікке, тууға, ананың, нәрестенің денсаулығына орасан зор зиянды әсерін тигізеді. Туберкулездің басылған (неактивный) түрінің асқынып кетуіне де, жүктіліктің, бала туудың, бала туғаннан кейінгі кезеңнің үлкен әсері бар. Жүктілік әйелдердің нерв жүйесіне, жүрек қан тамырлар жүйесіне, бүйректің жұмысына үлкен ауыртпалық түсіретіні белгілі. Ал, ол әйел оның үстіне туберкулезбен ауыратын болса, онда барлық ағзалардың жұмысы әлсіреп, иммунитетінің жойылуына соқтырып, туберкулездің асқынған түріне айналуы мүмкін. Туберкулездің асқынуына жүкті әйелдердің гармондық өзгерістері де әсер етуі мүмкін. Себебі, жүктілік кезде қанда жаңа гармондар ( хорионалық гонадатропин) пайда болып, кейбір гармондардың
( альдостерон, эстроген, глюкокартикойд) мөлшері көбейіп кетеді. Туберкулезбен бұрын ауырған әйелдердің қайталап бала көтеруі және жүктіліктің арасы жиі болуы, бала емізуі ағзаны әлсіретіп, туберкулез ауруының қайта қозуына әкелуі мүмкін. Сондықтан жүктіліктің арасы 3 жылдан кем болмауы керек. Қазақстан Респуликасы денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша:
- босанғаннан кейін бір айдың ішінде рентгеннен өтуге міндетті;
- әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс;
- жылына бір рет рентгеннен өтуі тиіс;
- салауатты өмір салтын ұстану;
- тиімді тамақтану;
- денешынықтыру белсенділігі;
- зиянды әдеттерден бас тарту.
Туберкулез қоғамдық мәселе. Бар ауыртпалықты дәрігерлерге ғана жүктеп қоюға болмайды. Әр адам өз денсаулығына өзі жауап бермесе, жоғарыда аталған ережелерді сақтамаса туберкулез ауруының көрсеткіштері жоғары деңгейде қала береді де, біздің болашағымызға үлкен қауіп төндіреді.
Туберкулездің негізгі белгілері:
- екі аптадан астам жөтелу;
- салмақ жоғалту;
- түнде терлеу;
- дене қызуының көтерілуі (кешке 37-37,5)
- жалпы әлсіздік, тез қажып - шаршау;
- кеуде қуысының ауруы.
Туберкулезден сақтану жолдары:
- дұрыс тамақтанып, тамаққа ет, сүт өнімдерін, балық, көптеп көкөністер мен жемістерді қолдану;
- үнемі денешынықтырумен айналысу, бос уақытты таза ауада өткізу;
- тұрғын бөлмелерді желдету;
- темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі қолданудан бас тарту;
- жеке бастың гигиена ережелерін сақтау;
- туберкулезді дер уақытында анықтап, емделіп шығу – осы дерттен құлан таза айығып шығудың кепілдігі;
- жүктілікті жоспарлау;
- бала туғаннан кейін 5-күні оған міндетті түрде жоспарлы БЦЖ вакцинасын ектіру;
Айлықтың ұраны:
Біздің мақсатымыз – туберкулезді тоқтату.
Айлықты өткізу мерзімі: 2010 жылдың 23 ақпанынан 23 наурызға дейін.
Өткізілетін шаралардың мақсаты:
Жұртшылықты жалпы туберкулез ауруына, соның ішінде ұрпақ жаңғырту жасындағы әйелдер, студенттер, балалар, оқушыларға көңіл бөлгізіп, назар аударту.
Көңіл бөлетін топтар:
- ұрпақ жаңғырту жасындағы әйелдер;
- студенттер, балалар, оқушылар;
- алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету мекемелерінің қызметкерлері.
Серіктестер:
- ұлттық туберкулезге қарсы орталық:
- облстық, аудандық туб.диспансерлер;
- жүктілікті жоспарлау орталығы;
- әйелдер консультация мекемелері;
- оқу ісі басқармасы;
- СЭС;
Жасалатын іс-шаралар:
- алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсету мекемелері
қызметкерлерінің санитарлық білімін көтеру;
- әйелдер арасындағы туберкулезді уақытында анықтап, тексеру;
- оқушылар мен студенттер арасында туберкулездің алғашқы белгілерін және одан қалай сақтануға болатыны жайында әңгіме өткізу, лекция оқу;
- тұрғындарды салауатты өмір салтын сақтауға қалыптастыру.