Website TemplatesJoomla TemplatesWeb Hosting
    [IP:|212.154.192.44|][fn32] Укладка ламината на пол. Быстрая укладка ламината своими руками видео. Укладка ламината по диагонали. Пробковое покрытие для пола. Качественная укладка пробкового пола. Пробковый пол плюсы и минусы. Смеси для выравнивания пола. Быстрое выравнивание бетонного пола. Выравнивание пола стоимость. Самоделки для дома. Лучшие самоделки для дома своими руками. Полезные самоделки для дома. Как обустроить кухню. Как обустроить маленькую кухню быстро. Как обустроить кухню фото. Как открыть свой магазин. Хочу открыть магазин с большим капиталом. Сколько стоит открыть магазин. Диван своими руками. Как сделать диван своими руками для дома. Диван своими руками чертежи. Дизайн маленькой кухни. Красивый дизайн интерьера кухни фото. Малогабаритные кухни дизайн.

    №218 бұйрығы 25.04.2011ж. Туберкулезбен күрес жөніндегі кейбір мәселелер туралы

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7 - бабының          1 - тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

     

    1. Мыналар:

    1)    осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес бастапқы медициналық – санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық;

    2)    осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес туберкулездің профилактикасы жөніндегі нұсқаулық;

    3)    осы бұйрыққа 3 - қосымшаға сәйкес туберкулезге қарсы ұйымдарда көптеген және кең ауқымды дәріге көнбейтін туберкулезбен ауыратын науқастарды режіммен тексеру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

         2.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

         3.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     

    Министр                                 С.Қайырбекова     

                                      Қазахстан Республикасы

                                         Денсаулық сақтау министрінің

                                                 2011 жылғы 25 сәуір

                                       №218 бұйрығына 1-ші қосымша

                                                                                                                                   

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен 
    туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және 
    диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық

     

     

                                              1. Жалпы ережелер                             

     

    1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары (бұдан әрі – БМСК) мен туберкулезге қарсы ұйымдардың (бұдан әрі – ТҚҰ) медицина қызметкерлерінің туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі жұмыстарының негізгі тәртібі мен көлемін анықтайды.
    2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) қақырық микроскопиясының оң нәтижесімен өкпе туберкулезі (бактерия шығарушы) ем жүргізілгенге дейін қақырық жағындысының микроскопиясы кезінде туберкулез микобактериялары (бұдан әрі - ТМБ), тіпті бір рет болса да табылған науқаста анықталады.  

    2) қақырық микроскопиясының теріс нәтижесімен өкпе туберкулезі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және клиникалық практика стандарттарына сәйкес мынадай өлшемдердің негізінде анықталады:

    қақырық жағындысын қышқылға көнбейтін бактерияларға (бұдан әрі – ҚКБ) микроскопия әдісімен зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болса;

    өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болса;

    кең спектрлі антибактериялық дәрілермен жүргізілген ем тиімсіз болса;

    дәрігер туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдаса.

    3) қақырық жағындысының конверсиясы - ем барысында ТМБ жойылуы әр ай сайын жүргізілген микроскопия және тығыз қоректік ортада егу әдісінің қатарынан кем дегенде екі теріс нәтижесімен дәлелденген болса (науқас әлі де бактерия бөлуші болып саналады);

    4) көптеген дәріге көнбейтін туберкулез (бұдан әрі -КДК ТБ) – бұл кем дегенде изониазид пен рифампицинге төзімді Mycobacterium tuberculosis штаммдары қоздырған, көптеген дәріге көнбейтін туберкулез;

    5)  кең көлемді дәрілерге көнбейтін туберкулез (ККДК ТБ) – бұл кемінде изониазид пен рифампицинге, сондай-ақ фторхинолондардың біреуіне және екінші қатардағы инъекциялық үш дәрінің біреуіне (капреомицин, канамицин немесе амикацинге) көнбейтін ТМБ туындаған  штаммдары тұрақты туберкулез;

    6) полирезистентті туберкулез (бұдан әрі – ПР ТБ) – бұл КДТ ТБ және ДККТ ТБ-ден өзгеше (айрықша), екі және одан да көп дәрілерге көнбейтін ТМБ штаммдары қоздырған туберкулез;

    7) қарқынды кезең – аурудың клиникалық белгілерін жоюға және туберкулез микобактерияларының популяцияларына барынша әсер етуге  бағытталған емнің бастапқы кезі (бактерия бөлудің тыйылуы және дәріге көнбейтін штаммдардың дамуының алдын алу).

    8) жалғастыру кезеңі – әлі де сақталған микобактерия популяцияларына әсер етіп, қабыну өзгерістерінің әрі қарай азайып, туберкулезді үрдістің кері қайтуын және науқас ағзасының функционалдық мүмкіндіктерінің қайта қалыптасуын қамтамасыз ететін емнің жалғасу кезеңі.

    9) микроскопиялық зерттеу – микобактерияларды бактериоскопиялық анықтау әдісі. Бактериоскопиялық әдіс науқаста туберкулезді анықтауға, сонымен қатар ем нәтижелігін бақылауға мүмкіндік береді.

    10) егу әдісі – бактериологиялық зертхана жағдайында микобактерия дақылдарын қоректік ортада бөліп алу әдісі. Егу әдісіне кез-келген биологиялық материал жолданады.

    11) дәріге сезімталдық тесті - туберкулез микобактерияларының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезімталдық спектрін анықтау, науқастарды емдеу тактикасын таңдауға мүмкіндік беріп, ем тиімділігін бақылау және ауру нәтижесін болжау үшін қолданылады.

     

     

    2. Туберкулезді анықтау

     

    1. БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлеріне мынадай міндеттер жүктеледі:

    1) ауру белгілері бар науқастар арасында қақырық микроскопиясы әдісін және туберкулезбен ауыру қаупі жоғары халық арасында («қауіп» тобы) флюорография әдісін қолдана отырып, туберкулезді ерте анықтау;

    2) бақылау химиотерапиясын жүргізу;

    3) халық арасында туберкулездің алғашқы белгілері және аурудың алдын алу туралы санитариялық ағарту жұмысын кеңінен жүргізу.

    1. БМСК ұйымының медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың                       1-қосымшасына сәйкес зерттеу үшін қақырықты сапалы түрде жинап, оны зерттеу үшін зертханаға уақытылы жеткізуді жүзеге асырады.
    2. БМСК ұйымында қақырықты микроскопиялық зерттеу екі аптадан астам уақыт жөтелі бар (жөтел - өкпе (жұқпалы) туберкулезінің негізгі белгісі) және төменде аталған клиникалық белгілердің біреуі не бірнешеуі байқалған науқастарға жүргізіледі:

    1)    салмақ жоғалту;

    2)    тершеңдік;

    3)    кеуде қуысындағы ауырсынуы;

    4)    қан түкіру;

    5)    ұзақ уақыт бойы дене қызуының жоғарлауы.

    1. Науқаста жоғарыда аталған симптомдар болған жағдайда медицина қызметкері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында келтірілген туберкулезге күдікті науқасты тексерудің диагностикалық алгоритміне сәйкес толық зерттеу шараларын жүргізеді.
    2. Туберкулезге рентгенологиялық әдіспен күдік туған, бірақ қақырық жағындысының микроскопиясы теріс болған жағдайда кеуделік шағымдары және интоксикация белгілері жоқ науқас диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолданады. 
    3. Туберкулезге шалдыққан науқаспен қарым-қатынаста болған адамда туберкулез ауруына клиникалық-рентгенологиялық күдік туған жағдайда диагнозды анықтау үшін фтизиатрға диагностикалық алгоритмді жүргізбестен бірден жолдау керек.
    4. Науқаста ТМБ анықталған жағдайда ол ТҚҰ жолданады, ол жерде қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіліп, туберкулезге қарсы ем тағайындалады.
    5. Қақырық микроскопиясының нәтижелері теріс болған және туберкулезге тән ауру белгілері күшейген жағдайда науқас міндетті түрде фтизиатр дәрігердің кеңесіне жіберіледі.
    6.  Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізгенде  нақты жағдайларда  туберкулез туралы барлық қолжетімді әдістер мен ақпараттандыру құралдары пайдаланылады.
    7.  Ауруды флюорография әдісімен анықтау туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың арасында жүргізіледі.
    8.  Алғаш рет ауруға шалдыққан науқастардың туберкулезінің асқынған түріне мынадай клиникалық нысандар жатады:       

    1)    жеделдеу және созылмалы диссеминирлік туберкулез;

    2)    асқынған туберкулезді менингит;

    3)    казеозды пневмония;

    4)    фиброзды-кавернозды туберкулез;

    5)    асқынған өкпеден тыс туберкулез;

    6)    0-15 жас аралығындағы балалардың өкпедегі деструктивтік өзгерістері мен бактерия бөлудің болуы. 

    1. Туберкулездің кеш анықталған жағдайларына санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары, ТҚҰ және БМСК мекемелері бірлесіп отырып клиникалық талдау жасап, міндетті түрде талдау Хаттамасын жүргізіп, іс-шаралар жоспарын құрастырады.
    2. ТБ 01 науқастың амбулаториялық картасында және тиісті медициналық құжаттарда мекенжайы бойынша бақыланатын амбулаториялық ем жүргізу тәртібі нақты көрсетіледі.
    3. БМСК ұйымында туберкулезді күдік тудырған науқастарды тіркеу Журналы (ТБ 15) және туберкулезді шалдыққан науқастардың медициналық картасы (ТБ 01) жүргізіледі.
    4. БМСК ұйымында туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің (бұдан әрі – ТҚД) бір айлық қоры болуы тиіс. Науқастарды амбулаториялық бақылау емдеуге қажетті дәрілер ТҚД тіркеу журналында (ТБ 12) есепке алынып, тіркеледі. Дәрілердің кіріс-шығысы туралы есеп ТҚҰ ай сайын тапсырылады.
    5. БМСК ұйымында ТҚД-мен туберкулезден басқа ауруларды емдеуге тыйым салынады. 

     

     

    3. Туберкулез үрдісін орнықтыруға сәйкес тіркеу жүргізу

     

    1. Орнығу орнына сәйкес туберкулезді мынадай түрлері бойынша ажыратады:

    1) өкпе туберкулезі – патологиялық үрдіспен өкпе паренхимасы зақымданған жағдайда;

    2) өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің туберкулезі ( плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс жүйесінің, буындар мен сүйектердің, бас миы және жұлын қабықшаларының туберкулезі);

    20. Науқаста өкпелік және өкпеден тыс туберкулез бірдей кездескен жағдайда ол өкпе туберкулезі бар науқас болып есептеледі. Милиарлы туберкулез өкпелікке жатады, себебі өкпеде патологиялық өзгерістер анықталады.

    21. Өкпеден тыс туберкулез диагнозы бактериология, цитоморфологиялық зерттеулерге негізделіп анықталады, немесе белсенді өкпеден тыс туберкулезге нұсқайтын клиникалық-рентгенологиялық мәліметтерге негізделеді. Бірнеше ағзасы зақымдалған өкпеден тыс туберкулезі бар науқас үрдістің шоғырлануының  ауырлығына сәйкес тіркеледі.

    22. Қақырық микроскопиясының нәтижесі оң (бактерия бөлуші) өкпе туберкулезі науқаста мынадай жағдайларда анықталады:

    1)    ем тағайындалғанға дейінгі қақырық микроскопиясы кезінде кем дегенде екі рет ТМБ анықталса;

    2)    қақырық микроскопиясы кезінде бір рет ТМБ анықталса және де рентгенологиялық зерттеу барысында анықталған патологиялық өзгерістер фтизиатр дәрігердің қорытындысы бойынша өкпенің белсенді туберкулезіне тән болса.

    23. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезі қақырық микроскопиясының нәтижесі оң өкпе туберкулезінің анықтамасына сәйкес келмейтін науқасқа қойылады.

    24. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс болған науқаста егу әдісінің нәтижесі оң болса, ол науқаста белсенді туберкулездің болуын дәлелдеп, диагнозды растайды.

    25. Қақырық микроскопиясының нәтижесі теріс өкпе туберкулезін анықтау өлшемдері:

    1)    қақырық жағындысын ТМБ микроскопия әдісімен  зерттегенде кем дегенде 3 нәтиже теріс болу;

    2)    өкпедегі рентген әдісімен анықталған өзгерістер белсенді туберкулезге тән болу;

    3)  ОДКК туберкулезге қарсы емнің толық курсын жүргізуге шешім қабылдауы.

     

     

    4. Туберкулезді науқастардың түрлері бойынша тіркеу

     

    1. Туберкулезге шалдыққан науқастар 4 санат бойынша тіркеуге алынады:

    1)    I (бірінші) санат - өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулездіа алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің  асқынған және жанасқан  түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.

    2)    II (екінші) санат - туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар.

    3)    III (үшінші) санат – алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде) асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар.

    4)    IV (төртінші) санат – зертханалық дәлелденген көптеген дәрілерге төзімді (бұдан әрі – КДТ ТБ) және кең көлемді дәріге төзімді туберкулезі бар (бұдан әрі – ККДТ ТБ), I, II, III және IV санат кестелері бойынша ем нәтижесі «сәтсіз ем» болған полирезистенттік (бұдан әрі – ПР ТБ) туберкулезі бар науқастар.

    27.  Туберкулезді шалдыққан науқастардың мынадай типтерін ажыратады:

    1)    аурудың жаңа жағдайы - бұрын ешқашан ТҚД қабылдамаған немесе оларды 1 айдан кем уақыт қабылдаған науқас;

    2)    қайталап ауру – бұрын бірінші қатардағы ТҚД емнің толық курсын қабылдап,  «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі болған науқаста кейіннен бактерия бөлу байқалса;

    3)    сәтсіз ем – алғашқы ем курсы сәтсіз болуына байланысты туберкулезге қарсы ем курсы қайта тағайындалған науқас;

    4)    үзілістен кейінгі ем – емін 2 ай және одан да астам уақытқа үзгеннен кейін қайта бастаған, қақырық микроскопиясының нәтижесі оң науқас;

    5)    ауыстырылды – басқа емдеу мекемесінде туберкулезге шалдыққан науқас деп  тіркелген, ем тағайындау не жалғастыру үшін осы мекемеге ауысып келген науқас. Ем курсы аяқталғаннан кейін осы науқастың ем нәтижесі туралы ақпарат ол алғаш рет тіркелген ТҚКҰ жіберіледі;

    6)    басқалар – жоғарыда аталған анықтамаларға сәйкес келмейтін барлық жағдайларды қамтиды. Бұл қайталанған бактерия бөлусіз өкпе туберкулезі мен өкпеден тыс туберкулез жағдайлары. Бұндай жағдайлар бірен-саран болуы тиіс және әрбір жағдайда диагноз патоморфологиялық не бактериологиялық әдістермен дәлелденуі керек.

    7)    Көптеген (КДК ТБ) және кең ауқымды дәріге көнбейтін (ДККТ ТБ) туберкулезі бар науқастарды бақылау мақсатында IV санат түрi бөлiніп көрсетiлген. Науқасты IV санатқа ауыстыру және ем тәртібі туралы шешімді ОДКК қабылдайды.

    28 IV санаттағы науқастарды тіркеу Көптеген дәрілерге және дәрілерге кең 
    көлемде төзімді туберкулезге шалдыққан науқастарды  туберкулезге қарсы 
    күрес ұйымдарында қадағалау бойынша Нұсқауға сәйкес жүргізіледі. 
    5. Туберкулезді емдеу 
    29.Туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу үзіліссіз екі кезеңде жүргізіледі

    1)    бірінші кезең – емнің қарқынды кезеңі негізінен стационарда жүргізіледі, науқасты амбулаториялық емдеу мүмкіндігін орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссия шешеді (бұдан әрі – ОДКК);

    2)    екінші кезең – емнің жалғастыру кезеңі негізінен амбулаториялық немесе шипажайда жүргізіледі. Емнің жалғастыру кезеңін стационарда өткізу мүмкіндігін ОДКК шешеді (негізінен бұл – әлеуметтік жағдайы қолайсыз, тұрмыстық жағдайы нашар науқастар).

    30. Туберкулезді шалдыққан науқастарды емдеу медицина қызметкерінің тікелей
     бақылауымен жүргізіледі (тағайындалған дәрілердің барлығын бақылау түрде 
    қабылдау). Емді бастамас бұрын науқаспен  тағайындалған ТҚД міндетті түрде 
    қабылдау қажеттілігі туралы сұхбат жүргізіліп,науқастың ақпарат алғаннан 
    кейінгі ем қабылдауға берген келісіміне қол қойылады (ТБ 14).
    1. Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу осы Нұсқаулықтың 36-38-тармақтарына көрсетілген санаттарға сәйкес  жүргізіледі.
    2.  I (бiрiншi) санатқа мынадай науқастар жатқызылуы тиіс: өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан бактерия бөлуші науқастар және өкпеден тыс туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастар; сонымен қатар өкпе туберкулезіне алғаш рет шалдыққан 1 сегменттен аса зақымдануы бар бактерия бөлмейтін науқастар; туберкулезге алғаш рет шалдыққан өкпелік және өкпеден тыс туберкулездің  асқынған және қосарланған  түрлерi бар бактерия бөлмейтін науқастар.
    3. II (екiншi) санатқа туберкулез ауруы қайталанған, емi сәтсiз аяқталған, үзiлiстен кейiн емін жалғастырушы науқастар және басқалар жатады.
    4. III (үшiншi) санатқа алғаш рет ауырған бактерия шығармайтын шектелген (1 сегменттің көлемінде)  асқынбаған өкпе туберкулезі және өкпеден тыс туберкулез түрлеріне шалдыққан науқастар жатады.
    5. Негізгі (бірінші) қатардағы ТҚД-дің түрлерi мен мөлшерлерi осы Нұсқаудың 3-қосымшасында келтірілген.
    6. I санаттағы науқастарды емдеу:

    1) емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес екi айдан төрт айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын туберкулез микобактерияларының ТҚД сезімталдығын (ДСТ) анықтау үшін қақырықты егу әдісімен тексеру қажет;

    2) ем науқастың салмағына сәйкес мөлшерде тағайындалған төрт дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е) немесе стрептомицин (S). Стрептомицин екi айдан артық қолданылмайды;

    3) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

    4) егер емнің екiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ-і қайталанып, емнің қарқынды кезеңі бiр айға созылады;

    5) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

    6) егер емнің үшiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болып сақталса,  емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;

    7) емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы екi рет терiс нәтижелі болса, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

    8) егер емнің төртiншi айының соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса немесе емнің жалғастыру кезеңінде бактерия бөлу пайда болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген нәтиже анықталады. ТМБ ТҚД сезiмталдығы сақталған жағдайда, науқас қайта тiркелiп, оған II санат бойынша ем тағайындалады. Полирезистенттiлік анықталған жағдайда науқас IV санатқа ауыстырылып, оған екінші қатардағы ТҚД ем тағайындалады.

    9) егер науқаста КДК ТБ анықталса, онда науқас I санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

    10) емнің жалғастыру кезеңі 4 ай бойы екi дәрі - изониазид (Н) және рифампицинді (R) күнара (аптасына 3 рет) немесе күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;

    11)     ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі  бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі;

    12) аурудың ауыр жағдайларында емнің жалғастыру кезеңі дәрілерді күнде немесе күнара қабылдау тәртібінде  7 айға дейін созылуы мүмкін.

    1. II санаттағы науқастарды емдеу:

    1)    емнің қарқынды кезеңі туберкулез үрдiсiнiң ауырлығы мен жайылуына сәйкес үш айдан бес айға дейін жүргiзiледi. Емдi бастамас бұрын қақырықты егу әдісімен ДСТ жүргізу қажет;

    2)    алғашқы екi ай ішiнде ем науқастың салмақ мөлшерiне сәйкес тағайындалған бес дәрімен жүргiзiледi: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z), этамбутол (Е), стрептомицин (S). Кейiннен ем стрептомицинсiз, төрт дәрімен жалғастырылады: изониазид (Н), рифампицин (R), пиразинамид (Z) және этамбутол (Е);

    3)    үш ай емделгеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

    4)    егер үшінші айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, ДСТ қайталанып, емнің қарқынды кезеңі тағы бiр айға созылады;

    5)    егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi болса, науқас емнің жалғастыру кезеңiне ауыстырылады;

    6)          егер төртiншi айдың соңында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, емнің қарқынды кезеңi тағы бiр айға созылады;

    7)    бесiншi айдың соңында қақырық жағындысы екi рет теріс нәтижелi  болған жағдайда, науқас емнің жалғастыру кезеңіне ауыстырылады;

    8)    егер бесiншi айдың аяғында қақырық жағындысы оң нәтижелi болса, науқасқа «сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, ол IV санат бойынша тіркеледі;

    9)    қарқынды кезеңнің аяғына дейiн ДСТ нәтижесі бойынша КДК ТБ анықталса, науқас II санат бойынша қабылдап жатқан емнiң тиiмдiлiгiне қарамастан IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

    10)     емнің жалғастыру кезеңі бес ай бойы күнара (аптасына 3 рет) немесе күнде-күнде изониазид (Н), рифампицин (R) және этамбутолды (Е) қабылдау арқылы жүргізіледі;

    11)     ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі  бес ай бойы дәрілерді күнделікті қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

    1. III санаттағы науқастарды емдеу:

    1) емнің қарқынды кезеңі екi ай бойы төрт дәрі: изионазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутолмен негізінен амбулаториялық, сирек жағдайда стационарда жүргізіледі (балалар мен жасөспірімдерден басқа);

    2) екi ай емдегеннен кейiн, ТМБ екi қайта зерттелген қақырық жағындысы терiс нәтижелі болған жағдайда ғана науқасты емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыруға болады;

    3)    емнің қарқынды кезеңінің соңында немесе жалғастыру кезеңінде науқаста бактерия бөлу анықталса, «Сәтсiз ем» деген ем нәтижесі анықталып, науқас II санат бойынша ем алу үшін қайта тіркеледі;

              4) егер науқаста көптеген дәрілерге төзімділік дәлелденсе, III санат бойынша ем тиімділігіне қарамастан, науқас IV санатқа ауыстырылып, оған «IV санатқа ауыстырылды» деген ем нәтижесі анықталады;

    5) III санат бойынша емнің жалғастыру кезеңі төрт ай бойы екi дәрі – изониазид және рифампицинді күнара қабылдау арқылы жүргiзiледi;

    6) ТБ/АИВ ко-жұқпасы бар науқастарға емнің жалғастыру кезеңі  бес ай бойы дәрілерді күнде-күнде қабылдау тәртібінде жүргізіледі.

    1. Туберкулезбен алғаш рет ауырған науқастарда ем бастамас бұрын жүргізілген ДСТ бойынша изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік анықталған жағдайда емнің жалғастыру кезеңінде косымша этамбутол тағайындалады.
    2. I санат бойынша ем тағайындаған жағдайда 4-дәрі ретінде этамбутолды қолданған жөн.
    3. Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәуліктік мөлшері осы Нұсқаудың 4-қосымшасына сәйкес анықталуы тиіс.
    4. ДСТ бойынша КДТ ТБ анықталған жағдайда науқасты IV санатқа тіркеп, оған екінші қатардағы ТҚД тағайындау мәселесін шешу үшін оның құжаттары 10 күн үшінде ОДКК ұсынылуы тиіс.
    5. Туберкулезге шалдыққан АИВ жұққан не жұқпаған науқастарды қарап-тексеру (анықтау, емдеу және бақылау) мен туберкулезге қарсы емдеу тәртiбi бiрдей болуы керек.
    6. Балалар мен жасөспiрiмдерде туберкулезді емдеу кестелері ересектерді емдеу кестелерімен бірдей болады.
    7. Балалардағы өкпе және кеуде ішілік лимфа түйіндерінің  туберкулезінің жайылған және асқынған түрлерін емдеудегі (I және II санат) емнің қарқынды кезеңі ауруханада өткiзілуі қажет және де емнің ұзақтылығын ОДКК стандартты кестелерге сәйкес шешедi. Емнің жалғастыру кезеңі стационарда, шипажайда немесе амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.
    8. Балалардағы туберкулезді емдеу үшін қолданылатын ТҚД тәулiктiк мөлшерi осы Нұсқаудың 5-қосымшасына сәйкес анықталады.
    9. Туберкулездiң бактерия бөлусіз түрiне шалдыққан балаларды емнің жалғастыру кезеңіне ауыстыру үрдістің рентгендiк-томографиялық өзгеруіне  негiзделеді.
    10. Туберкулезге қарсы ем үзiлген жағдайда осы Нұсқаудың 6-қосымшасында келтірілген шараларды қолдану керек.
    11. Патогенетикалық ем химиотерапияның негізгі курсының фонында туберкулез үрдісінің фазасын, жеке көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді қатаң ескере отырып жүргiзiлуi тиіс.
    12. Туберкулезбен ауыратын науқастарға хирургиялық ем фтизиохирургтың кеңесiнен кейiн қажеттілікке сәйкес жүргiзiледi.
    13. Туберкулездіа шалдыққан науқастардың ем нәтижесі:

    1)    жазылды - емнiң соңындағы және кем дегенде оның алдындағы бір зерттеу кезiнде қақырық микроскопиясы терiс нәтижелі болса;

    2)    ем аяқталды - науқас туберкулезге қарсы тағайындалған дәрілердің бәрiн белгіленген мерзім ішінде қабылдады, бірақ «жазылды » немесе «сәтсiз ем» нәтижелерінің өлшемдеріне сәйкес келмейді;

    3)    сәтсiз ем - егер науқаста:

    емнің 5-ші айында және одан кейiн қақырық микроскопиясы оң нәтижелi болып сақталса;

    ем алдындағы теріс нәтижелі қақырық микроскопиясы, емнің қарқынды кезеңінің соңында оң нәтижелі болса;

    4)    қайтыс болды – науқас ем алу барысында кез-келген себептен қайтыс болса ;

    5)    ем тәртiбiн бұзды – науқас емін 2 ай және одан да ұзақ мерзімге үзсе;

    6)    ауыстырылды – науқас ТҚҰ бақылауынан басқа ТҚҰ бақылауына ауысып, емiнiң нәтижесі белгiсiз болса;

    7)    IV санатқа ауыстырылды – КДК ТБ бар науқас, ем нәтижесі «сәтсiз ем» болған полирезистентiлiгі бар науқас, клиникалық резистенттілігі бар науқас.

    1. Өкпеден тыс туберкулезі бар науқастар мен бактерия бөлусіз өкпе туберкулезi бар балаларда «сәтсiз ем» нәтижесі клиникалық-рентгенологиялық зерттеулердің қорытындысына негізделеді.
    2. Емнiң тиімділігі тіркелген «жазылды» және «ем аяқталды» деген нәтижелері бар науқастар санының жиынтығымен анықталады.
    3. ТБ 03 тiркеу журналына тiркелген әрбір науқастың ем нәтижесi мерзіміне сәйкес анықталуы керек.
    4. Туберкулез бойынша тiркеу-есеп беру құжаттары осы Нұсқаудың 7- қосымшасына сәйкес толтырылуы керек.

     

     

    6. Туберкулезбен ауыратын науқастарды стационарлық емдеу

     

    1.  Стационарлық (аудандық, ауданаралық, облыстық және республикалық) емдеуге туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу деңгейін ТҚҰ жұмыс істейтін құрылымына сәйкес аумақтық денсаулық сақтау басқармалары эпидемиологиялық статусын есепке ала отырып, инфекциялық бақылау шараларын сақтау арқылы былайша белгілейді:

    1) бактерия шығармайтын туберкулезбен ауыратын науқастарды;

    2) бактерия шығаратын және ТҚП-ға сезімталдығы сақталған туберкулезбен ауыратын науқастар;

    3) ТҚП қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастарды;

    4) ауру белгілері бойынша ем қабылдайтын КДК ТБ және КАДК ТБ бар науқастар;

    5) мәжбүрлеп емдеудегі туберкулезбен ауыратын науқастар.

    1.  Бактерия шығаратын туберкулездің шектелген, асқынбаған түрлері, сондай-ақ бактерия шығармайтын және/немесе ауыр қосалқы патологиясы бар туберкулездің таралған және асқынған түрлері науқастарды аудандық  деңгейде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.
    2. Бактерия шығаратын және бактерия шығармайтын туберкулездің асқынған, таралған түрлері, сондай-ақ КДК ТБ және КАДК ТБ науқастар облыстық және республикалық деңгейлерде емдеуге жатқызу үшін басымдылық болып табылады.
    3.  Ауданаралық ТҚҰ-да (мұндай болса) емдеуге жатқызу патологияның негізгі бейініне сәйкес жүргізіледі.
    4.  Туберкулезбен ауыратын науқастар, оның ішінде қосалқы патологиясы бар (АИТВ инфекциясы, наркологиялық бұзылулары бар және басқа) бас  бостандығынан айыру орындарынан босатылған науқастар ТҚҰ стационарларына емдеуге жатқызылады және медициналық ұйымдардың бейінді мамандарының консультацияларымен және бақылауымен қамтамасыз етіледі.

     

     

    7. Диспансерлiк есепке алуды ұйымдастыру

     

    1. Диспансерлiк есеп және бақылау төмендегi топтар бойынша жүргізілед:

    1)    нөлдiк топ (0) – туберкулездіың белсенді  күмәндi адамдардың;

    2)    бiрiншi топ (I) – белсенді туберкулезі бар науқастар;

    3)    екiншi топ (II) – туберкулездіың белседілігі жоқ адамдардың;

    4)    үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары адамдардың;

    1.  0 топта төмендегілер бақыланады:

    1)    БМСК жүйесі ұйымында жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін  жоққа шығару және анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын адамдардың. Бұл алғаш рет немесе қайталап ауырған, туберкулездің белсенділігі күмәндi және ТҚҰ–да диспансерлiк есепке алынбаған адамдардың болуы мүмкін;

    2)    туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын нақтылап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн, ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынбаған балалар.

    1.  0 тобында бақыланатын адамдардыңға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық,  аспаптармен қарап тексеру, туберкулинмен диагноз қою және басқа да зерттеу әдістері жүргiзiледi. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулездің белсенділiгi басқа да клиникалық- зертханалық зерттеулермен дәлелденеді.
    2.  0 тобында бақыланатын адамдардыңға ТҚД қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсенді түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынамасының жұқпалы себепті оң нәтижесі анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.
    3.  I топта кез келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулезі бар бактерия бөлетiн не бөлмейтiн барлық науқастар бақыланады:

    1)    I A - туберкулезге алғаш рет шалдыққандар (I және III санатлар);

    2)    I Б - туберкулездің қайталанған жағдайлары (II санат);

    3)    I В - бірінші, екінші не үшінші қатардағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушы туберкулездің дәрiге төзімді жағдайлары (IV санат);

    4)    I Г – емнің тиімсіз болуына немесе науқастардың дәрілерді қабылдай алмауына байланысты ем жүргізу мүмкін емес КТК ТБ не КАДК ТБ бар, полирезистенттілігі бар бактерия бөлуші науқастар (IV санат).

    66.   I А, I Б және I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк санаттарға  сәйкес стандартты кестелер бойынша химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем қажеттіліктерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Емнің нәтижесі «жазылды» немесе «ем аяқталды» деп анықталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

    67.  «Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі қарай жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.

    68.  I Г тобында бақыланатын науқастарға ТҚД қолданылмайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогенетикалық) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – егу әдісінің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.

    69.  II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулездің белсенділігі жоқ адамдардың бақыланады. Бақылау мақсатындағы тексерулер жылына екi рет жүргізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар адамдарды – 1 жыл.

    70.  Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдында жүргізілген еміне сәйкес I диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

    71.  III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары адамдардың бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:

    1) IIIА тобында бақыланатындар:

    туберкулездiң белсенді түрiне шалдыққан науқастармен қарым-қатынастағы адамдардың;

    бактерия шығару-шығармауына қарамастан туберкулездiң белсенді түрiмен ауырған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;

    туберкулез ауруы салдарынан өлім болған бұрын белгiсiз ошақтардағы адамдардың.

    Бақылау мерзiмi – қатынаста болған барлық уақыттан бастап нәтижелi химиотерапия жүргізгеннен кейiн 1 жыл.

    өлiм-жітім ошақтарында қарым-қатынаста болған адамдардың 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.

    2) IIIБ тобында бақыланатындар:

    біріншілік жұқтырудың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);

    бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;

    БЦЖ вакцинасын еккенде асқыну әсері байқалғандар.

    Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарғанда жүргізіледі.

    1. Туберкулезбен ауыратын науқастар мекен-жайы, оқу орны орналасқан жердегі немесе тузету мекемелерiндегі ТҚҰ-да диспансерлiк есепке алынып, бақылануы тиіс.
    2. Науқастың мекен-жайы өзгерген жағдайда, оның жаңа мекен-жайына сәйкес дәрігер-фтизиатр 10 күннiң iшiнде диспансерлік есепке алуы тиіс.
    3. Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 8-қосымшасында келтірiлген.
    4. Диспансерлiк есепке алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:

    1)   белсендiлiгi күмәнді туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған адамдарда анықталған  белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық мақсатта жан-жақты зерттеулер жүргізу;

    2)   белсенді туберкулез – туберкулез микобактериялары қоздырған және зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен анықталатын кез-келген ағзадағы арнайы қабыну үрдісі. Белсенді туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі тиіс. Белсенді туберкулезі бар барлық науқастар  I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тәртібін ОДКК шешедi;

    3)   қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктенген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып  есептеледі.

    76. Бактерия бөлуі тоқтады деп мынадай жағдайларда тiркейді:

    1)    I және II санат бойынша бірінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаған науқастарда емнің толық курсының соңында микроскопиялық зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет теріс  болғанда;

    2)    туберкулездiң дәрiге көнбейтін түрiне шалдыққан бірінші және екінші қатардағы ТҚД-мен ем қабылдаушы науқастарда бактериологиялық (егу әдісі) зерттеу нәтижесі қатарынан екі рет  (бір айлық аралықпен) терiс  болғанда.

    1. Бактерия бөлiнудiң тоқтағандығы туралы ОДКК-ның шешiмiнен кейiн науқас бактерия бөлушi ретiнде эпидемиологиялық есептен шығарылады.
    2.  Туберкулезге  жыл сайын мiндетті түрде  флюорографиялық тексерiлетін «қауіп» тобындағы  адамдардың тiзiмі:

    1) ақысыз:

    перзентхана (босану бөлiмшелері), балалар ауруханасы (бөлiмшелері), жаңа туған және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінің медицина қызметкерлерi;

    туберкулезге қарсы күрес ұйымдарының қызметкерлерi;

    әскери қызметке шақырылушылар;

    жоғары және арнайы орта бiлiм беретін оқу орындарының студенттерi, училище оқушылары;

    15-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер;

    босанған әйелдер перзентханадан шыққаннан кейiн бiр ай көлемiнде;

    созылмалы бейспецификалық өкпе аурулары, қант диабетi, маскүнемдiк, нашақорлық, АИВ/ЖИТС бойынша диспансерлiк есепте тұрған адамдардың;

    кортикостероидты гормондармен ем қабылдаушылар;

    өкпесiнде кез-келген этиологиялы қалдықты өзгерiстерi бар адамдардың;

    туберкулезбен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған адамдардың;

    мектепке дейiнгi мекемелердiң қызметкерлерi;

    емдеу-алдын алу ұйымдарының қызметкерлерi;

    жалпы және арнайы бiлiм беру мектептерінің, лицей мен гимназиялардың қызметкерлерi;

    тергеуге алынғандар және сотталғандар (жылына екi рет);

    Қорғаныс, Ішкi iстер министрлiгi мен Ұлттық Қауiпсiздiк жүйесiнiң әскери бөлімшелерінің  қызметкерлерi мен әскери қызметкерлері;

    Қазақстан Республикасына түпкiлiктi көшiп келгендер;

    2) жұмыс берушi есебiнен ақылы негiзде:

    тамақ өнеркәсiбi, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сату орындарының қызметкерлері;

    тұрғындарға қызмет көрсету аясында жұмыс iстейтiндер;

    көлiктiң барлық түрлерiнде жолаушыларды тасымалдап, қызмет көрсететiндер;

    орта және жоғарғы оқу орындарының қызметкерлерi;

    дәрiлердi дайындаушы, өлшеп ораушы және таратушы дәрiхана қызметкерлерi;

    Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келгендер, жұмыс істеуге келген мигранттарды қоса.

     

     

    8. Туберкулезді бастан өткерген  тұлғаларды жұмысқа және  оқуға жіберу тәртібі

     

    1. Туберкулезбен ауырған науқастар 8 - 10 ай бойы уақытша еңбекке жарамсыздық парақшасымен қамтамасыз етiледi.
    2. Туберкулезбен ауырып, сауыққан азаматтарға жұмыс істеуге және оқу оқуға рұқсат ету туралы медициналық қорытындыны ТҚҰ ОДКК береді.
    3. Төменде аталған туберкулезбен ауырған науқастарға оқу оқуға  немесе жұмыс істеуге рұқсат берiледi:

    1)        I, II және ІІІ санат бойынша емi сәттi аяқталған, яғни «жазылды» немесе «ем аяқталды» деген ем нәтижесі барлар;

    2)     шектелген өзгерісі бар бактерия бөлмейтін (ем басында) науқастарға емнің қарқынды сатысы сәттi аяқтағаннан кейін (ОДКК шешiмiмен);

    1.  Туберкулезді бастан өткерген тұлғалардың мынадай жұмыстарды істеуіне рұқсат етiлмейдi:

    перзентханаларда (босану бөлімшелерінде), балалар ауруханасында (бөлiмшелерiнде), жаңа және шала туған нәрестелер патологиясы бөлімшелерінде;

    мектепке дейінгі ұйымдар (балабақшалар, сәбилер үйі, балалар үйі, балалар санаторийлері) мен мектептердің төменгі сыныптарына.

    1.  «Қауіп» тобындағы адамдарға жұмыс істеуге рұқсат беруді ОДКК шешеді.
    2.  Әскери қызметкерлер, ұлттық қауіпсіздік, ішкi iстер, әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызмет, қаржы полициясының қызметкерлері ішкі тәртіпті ескере отырып, ОДКК шешімі және арнайы ведомстволық комиссияның қорытындысының негізінде бір жылға жұмысқа жіберіледі және де диспансерлiк есептен шыққанға дейін жыл сайын қайта тексеріліп отырады.

     

     

     

     

     

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа

    1-қосымша

     

     

    Зертханаға қақырықтың тасымалдануы

     

    Қақырықты жинау пациенттерді емдеу мен қызмет көрсететін барлық емдеу мекемелерінде жүргізіледі. Егер осы мекемеде  қышқылтұрақтылық микобактериясын анықтауға бактериоскопиялық зерттеу жүргізілмесе, жиналған қақырық зертханаға жеткізіледі.

    Қақырық базалық бактериоскопиялық зертханаға зерттеу үшін жеткізіледі. Зертханаға әкетілетін қақырықтың мөлшері 50,0 мл болатын диаметрі 35 мм аспайтын кең ыдыста, заттың сапасы мен мөлшерін анықтай алатын герметикалық қақпағы бұралмайтын айқын көрінетін арнайы контейнерде (ыдыста) жиналады. Таңбалау контейнердің қапталына жапсырылады, онда емделушінің аты, тегі, әкесінің аты, үлгінің нөмірі белгіленеді. Бір ТБ-05нысаны барлық 3 (диагностика мақсатында)  немесе екі (химиялық терапияны бақылау мақсатында)  толтырылады.

    Зертханаға жеткізілетін қақырық жиналған контейнерлер қақырықты зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске (жәшік) орналастырылады. Жиналған қақырық бір тәуліктің ішінде бактериоскопиялық зерттеуге зертханаға жеткізіледі, медициналық мекемеде 7 күнге дейін тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі. Бактериоскопиялық зерттеуге алынған қақырық тоңазытқышта 1 тәуліктен аспай сақталуы қажет.

    Қақырығы бар контейнерлер патологиялық материал ағып кетпейтіндей етіп сенімді оралуы қажет. Бикстер (жәшіктер) тасымалдау кезінде күн көзінен қорғалған салқын жерде болуы тиіс.

    Зертханаға қақырықты тасымалдау үшін медицина қызметкері емдеу мекемесінің көлігімен жеткізуі қажет. Зертханалық зерттеуге жіберетін бланкілер контейнерден бөлек материалдармен болуы тиіс. Бикске пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілген ілеспе құжат дайындалуы тиіс. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі аты-жөн санымен сәйкес болуы тиіс. Әр контейнердің сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес болуы тиіс.

    Ілеспе тізімде медициналық мекеменің атауы мен жөнелтілген күні жазылуы қажет.

    Қақырықтың үлгілерін зертханаға қабылдау кезінде мыналар қажет:

    1. Жеткізілген бикстің бүтін екендігін тексеру;
    2. Бикстің сыртқы жағын зарарсыздандыру;
    3. Контейнерді абайлап ашып, зақымдалмағанын тексеру;
    4. Бикстің ішкі жағын зарарсыздандыру.

     

    Зерттеуге қабылданатын қақырықтың мөлшері жетпейтін ( 3,5мл аз) болса, контейнер зақымданса және тасымалдау үлгісінің ережесі бұзылса зерттеуге қабылдауға болмайды. 

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша

     

     

     

    Туберкулезге қарсы қолданылатын

    бірінші қатардағы дәрілердің мөлшері және дәрілік түрі

    Дәрінің атауы

    Дәрiлік түрi

    Белсендi заттардың мөлшері

    Изониазид

    Таблетка

    100 мг, 300 мг

    Рифампицин

    Таблетка немесе капсула

    150 мг, 300 мг

    Пиразинамид

    Таблетка

    400 мг,500 мг

    Этамбутол

    Таблетка

    100 мг, 400 мг

    Стрептомицин

    Егуге арналған ұнтақ, құты

    1000 мг

    Көп құрамды белгіленген мөлшерлі туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер (бұдан әрi - КҚБМТҚД)

    Дәрінің атауы

     

    Дәрiлiк түрi

    Қабылдауға арналған белсендi заттардың мөлшері (мг)

    Күнделікті  қабылдау

    аптасына 3 рет

    Изониазид + Рифампицин

    Таблетка

     

    75 + 150

    150 + 300

    150 + 150

    Изониазид + Этамбутол

    Таблетка

    150 + 400

    -

    Изониазид + Рифампицин + Пиразинамид

    Таблетка

    75 + 150 + 400

     

    Изониазид + Рифампицин + Пиразинамид + Этамбутол

    Таблетка

    75 + 150 + 400 + 275

    -

               

     

    Емнің стандартты кестелері

     

    Санат

    Қарқынды кезең

    Жалғастыру  кезеңі

    I

    2-4 HRZE(S) Стрептомицин 2 ай мерзімде қолданылады

    4(7) Н3R3 немесе 4(7) НR

     немесе   4(7) НRЕ*

    II

    3(5) НRZЕS Стрептомицин 2 ай мерзімде қолданылады

    5 Н3R3Е3  немесе 5 НRЕ

    III

    2 HRZE

    4 Н3R3 немесе 4 HR немесе

    4 НRЕ*

     

    Ескерту: әрiптердiң алдындағы сан ем кезеңінің аймен есептегендегі ұзақтығын көрсетедi. Төменгi индекстегi сан бір апта ішінде дәрілердің қанша рет қабылданатынын көрсетедi. Егер әрiптен кейiн сан болмаса, науқас дәрілерді күнделікті қабылдауы керек. Альтернативтi препарат жақша ішінде көрсетiлген.

    * Бұл кесте изониазид немесе рифампицинге монорезистенттілік болған жағдайда қолданылады.

     

     

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек  ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша

     

     

     

    Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілердің ересектерге арналған тәулiктiк мөлшерi (мг)

     

    Дәрі атауы

    Салмағы (кг)

    30-39

    40-54

    55-70

    70-тен аса

    Қарқынды кезең – күнделiктi қабылдау

    Изониазид

    200 мг

    300 мг

    300 мг

    400 мг

    Рифампицин

    300 мг

    450 мг

    600 мг

    750 мг

    Пиразинамид

    1000 мг

    1500 мг

    2000 мг

    2000 мг

    Этамбутол

    600 мг

    800 мг

    1200 мг

    1600 мг

    Стрептомицин (1гр)

    500 мг

    750 мг

    1000 мг

    1000 мг

    Жалғастыру кезеңі – күнделiктi қабылдау

    Изониазид

    200 мг

    300 мг

    300 мг

    400 мг

    Рифампицин

    300 мг

    450 мг

    600 мг

    750 мг

    Этамбутол

    600 мг

    800 мг

    1200 мг

    1600 мг

    Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау

    Изониазид

    300 мг

    600 мг

    600 мг

    700 мг

    Рифампицин

    300 мг

    450 мг

    600 мг

    750 мг

    Этамбутол

    1200 мг

    1600 мг

    2400 мг

    2400 мг

     

    Ескерту: Рифампициннiң КҚБМТҚД-дегі ең жоғарғы тәулiктiк мөлшерi – 750 мг.

     

     

     

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа 5-қосымша

     

     

    Туберкулезге қарсы қолданылатын бір құрамды дәрілердің 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I, II және III санат бойынша емдегенде тағайындалатын тәулiктiк мөлшерi

     

    Дәрі атауы

    Салмағы (кг)

    5-10

    11-20

    21-30

    Қарқынды кезең – күнделікті қабылдау

    Изониазид

    50 мг

    100 мг

    200 мг

    Рифампицин

    75 мг

    150 мг

    300 мг

    Пиразинамид

    200 мг

    400 мг

    800 мг

    Этамбутол

    100 мг

    300 мг

    400 мг

    Стрептомицин (1 гр)

    150 мг

    300 мг

    450 мг

    Жалғастыру кезеңі – күнделікті қабылдау

    Изониазид

    50 мг

    100 мг

    200 мг

    Рифампицин

    75 мг

    150 мг

    300 мг

    Этамбутол

    150 мг

    300 мг

    400 мг

    Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау

    Изониазид

    100 мг

    150 мг

    300 мг

    Рифампицин

    75 мг

    150 мг

    300 мг

    Этамбутол

    150 мг

    400 мг

    600 мг

     

     

    Туберкулезге қарсы қолданылатын 2-3 құрамды белгіленген мөлшерлі дәрілердің 18 жасқа дейінгі балалардағы туберкулезді I, II және III санат бойынша емдеуге ұсынылған тәулiктiк мөлшерi

     

     

    Салмағы (кг)

    7-ге дейін

    8-9

    10-14

    15-19

    20-24

    25-29

    Қарқынды кезең – күнделікті қабылдау

    RHZ (60мг+30мг+150мг)

    1

    1,5

    2

    3

    4

    5

    Этамбутол 100мг

    1

    1,5

    2

    3

    3,5

    4

    Стрептомицин 1,0гр.

    0,1

    0,15

    0,2

    0,3

    0,4

    0,45

    Жалғастыру кезеңі – күнделікті қабылдау

    HR (30мг+60мг)

    1

    1,5

    2

    3

    4

    5

    II кат: Этамбутол 100 мг

    1

    1,5

    2

    3

    3,5

    4

    Жалғастыру кезеңі – аптасына 3 рет қабылдау

    HR (60мг+60мг)

    1

    1,5

    2

    3

    4

    5

    II кат: Этамбутол 100 мг

    2

    2,5

    3,5

    5

    6

    8

     

    Балалар мен жасөспірімдердегі дәрілердің күнделікті/аптасына 3 рет қабылдаудағы тәуліктік мөлшерлерінің мүмкін ауытқулары: изониазид - 4-6/8-12 мг/кг, рифампицин – 8-12 мг/кг, пиразинамид – 20-30 мг\кг, этамбутол – 15-25/25-35 мг\кг, стрептомицин 12-18 мг\кг  күнделікті қабылдағанда.

    Ескерту: Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді сатып алуға тапсырыс жасағанда, ТҚД қажеттілігін (12 айға) және 6 айлық уақытқа қажетті резервті есепке алу керек.

     

     

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша

     

     

    Туберкулезді емдеу барысында үзiлiс болған жағдайда қолданылатын iс – шаралар

     

    1. Ем 1 айға дейінгі уақытқа үзiлсе

    Науқасты табыңыз

    Емнiң не себептен үзiлгенiн анықтап, себебін жойыңыз

    Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн толықтыру мақсатында ем мерзімін ұзартыңыз

    2. Ем 1-2 айға үзiлсе

    Бірінші кезекте жүргiзетiн

    iс-әрекеттер

    Кейiннен жүргiзетiн iс-әрекеттер

    1) науқасты табу;

    2) емнiң не себептен үзiлгенiн анықтау және себебін жою;

    3) қақырық жағындысын           3 қайтара микроскопиялық зерттеу;

    4) зерттеу нәтижесі анықталғанша емдi жалғастыру

     

    Қақырық жағындысының микроскопиясы теріс нәтижелi немесе науқаста өкпеден тыс туберкулез

    Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн толықтыру мақсатында ем мерзімін ұзартыңыз

    Кем дегенде 1 нәтиже оң болса

    Ем 5 айдан кем уақыт жүргiзiлдi

    Емді жалғастырыңыз және үзiлiс нәтижесiнде қабылданбаған дәрiлердiң мөлшерiн қалыпқа келтiру мақсатында оны ұзартыңыз

    Ем 5 айдан астам уақыт жүргізілді

    I санат науқастары үшін - II санат бойынша ем бастау;

    II санат науқастары үшін - ДСТ жүргiзу және II санат бойынша емді жалғастыру;

    ДСТ нәтижесін алғаннан кейін

    ОДКК-ға ұсыну

    3. Ем 2 айдан аса уақытқа үзiлсе

    Науқасты табу;

    емнiң не себептен үзiлгенiн анықтау және себебін жою;

    қақырық жағындысын                    3 қайтара микроскопиялық зерттеу;

    зерттеу нәтижесі анықталмағанша ем басталмайды

     

    Қақырық жағындысының микроскопиясы теріс нәтижелi немесе науқаста өкпеден тыс туберкулез

    Шешiмдi ОДКК қабылдайды:

    -         Емдi бұрынғы санат бойынша жалғастыру

    -         Науқасты қайта тiркеп, емдi жаңа кесте бойынша бастау

    -         Ем жүргізбеу

    Кем дегенде 1 нәтиже оң болса

    I санат

    II санат бойынша ем бастау

    II санат

    ДСТ жүргiзiп, II санат бойынша емдi жалғастыру. ДСТ нәтижесін алғаннан кейін, науқасты ОДКК-ға  ұсыну

     

     

     

     

     

    Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулыққа

    7-қосымша

     

     

    Туберкулез бойынша есепке алу құжаттары

     

    1. Туберкулезді есепке алу құжаттарының нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының       2010 жылы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген.
    2. 089/е – өмiрiнде алғаш рет туберкулездiң белсенді түрi, жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы аурулар, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулардың анықталғандығы туралы хабарлама. Есеп беріліп отырған жылда туберкулезге алғаш рет шалдыққан (алғаш рет тіркелген) диагнозы ОДКК-да анықталғаннан кейін туберкулезбен алғаш рет ауырған барлық науқастарға толтырылады.
    3. 058/е – бактерия бөлуші науқастар «жұқпалы ауру, азық-түлік өнімдерімен, жедел, кәсіби улану, егуге организмнің өзгеше жауабы туралы шұғыл хабарлама» негiзiнде есепке алынады. Шұғыл хабарламаның жіберілу  мерзiмi – бактерия бөлу анықталғаннан кейiн, бiр тәулiк iшiнде.
    4. ТБ 01 – туберкулезге шалдыққан науқастың медициналық картасы, туберкулезге шалдыққан әрбір науқасқа ем тағайындалғанда немесе емдеу курсына қайта тіркегенде, ОДКК-да туберкулез деген диагноз қойылғаннан кейін немесе туберкулезбен ауыратын науқастың типі өзгеруі туралы шешім қабылданғаннан кейін мекен-жайына қатысты  аудандық фтизиатр немесе аурухананың фтизиатры толтырады. Бұл карта емнің толық курсы барысындағы науқас туралы ақпаратты тіркеуге арналған және де туберкулезбен ауыратын науқастарды бақылайтын компьютерлік бағдарламаға кіріс құжаты болып табылады. Науқас ауруханадан шыққанда ТБ 01 медициналық картасы қолына берiлiп, науқас емін жалғастыратын АМСК жүйесi мекемесіне не ТҚКҰ-ға жеткізіледі. Химиятерапия курсы аяқталғаннан кейiн ТБ 01 медициналық картасы  аудандық ТҚКҰ-ға жiберiледi.
    5. ТБ 03 – облыстағы (қала, аудандағы) туберкулездi тiркеу журналы. Аталған журнал науқас диспансерлік есеп, емделу мен бақылауға алынған туберкулезге қарсы күресу ұйымында жүргiзiледi. Журналдың сол жағы ем тағайындалғанға дейін толтырылады, ал оң жағы науқастың медициналық картасы ТБ 01 негiзiнде толтырылады. Журналдағы мәлiметтер ай сайын ТБ 04 зертханалық тiркеу журналы және мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет органдарының жұқпалы ауруларды есепке алу мәліметтерімен (ТБ 02 үлгісі - «кейбір жұқпалы және паразиттік аурулар туралы есеп» № 1 үлгіге қосымша)  салыстырылып отырады. Ем сәтсіз аяқталған жағдайда науқасты ТБ 03 журналына қайта тіркеу қажет.
    6. ТБ 04 – зертханалық тiркеу журналы, қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеретін БМСК жүйесi және ТҚҰ-ның әрбір зертханасында жүргізіледі. Зертханалық реттік нөмір (қақырық үлгісіне емес), науқасқа беріледі.
    7. ТБ 05 – қақырықты туберкулез микобактериясына микроскопиялық тексеруге жіберетін жолдама (бактериоскопияға).
    8. ТБ 06 – ТМБ дақылдарының туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерге сезiмталдығын анықтауға жолдама.
    9. ТБ 09 – емді не бақылауды жалғастыру мақсатында туберкулезбен ауыратын науқасты бiр мекемеден басқа бір мекемеге ауыстыру жолдамасы.
    10. ТБ 11 – туберкулезбен  ауыратын IV санаттағы науқастарды тiркеу журналы. Аталған журнал дәрiге көнбейтін туберкулезге шалдығып, IV санатқа ауыстырылған науқастарды тiркеу үшiн облыстық және аудандық туберкулезге қарсы күресу ұйымында жүргiзiледi.
    11.  ТБ 12 – туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді тiркеу журналы.
    12.  ТБ 14 – науқастың ақпарат алғаннан кейінгі ем қабылдауға берген келiсiмi.
    13.  ТБ 15 – туберкулездіа күдік тудырған науқастарды тiркеу журналы.
    14.  ТБ 16 – контингентті диспансерлiк бақылау картасы.
    15.  ТБ 17 - зертханалық егу әдісі бойынша зерттеулерді есепке алу журналы.
    16.  ТБ18 - ТМБ дәріге сезімталдығын тестілеу нәтижелерінің зертханалық журналы.

     

     

    Туберкулез бойынша есеп беру құжаттары:

     

    1. Туберкулез бойынша есеп беру құжаттарының нысандары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің  2010 жылы        22 қыркүйектегі № 742 бұйрығымен бекітілген.
    2. 8-үлгі – туберкулездің жаңадан анықталған және қайталанған түрлері бойынша жылдық есеп.
    3. 33 здрав – туберкулезге шалдыққан науқастар туралы жылдық есеп.
    4. ТБ 07 – тiркелген туберкулез жағдайлары туралы тоқсандық есеп. Аталған тоқсандық есепті аудандық, қалалық, облыстық, республикалық туберкулезге қарсы күресу ұйымдары ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде құрастырады. Тоқсандық есепті туберкулезге қарсы күресу ұйымдары тікелей тапсыру принципі бойынша РМҚМ «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Туберкулез мәселелерiнің Ұлттық орталығына» (бұдан әрі ТМҰО) тапсырады. Облыстар бойынша жинақ есептi ТМҰО құрастырады.
    5. ТБ 08 – 12 ай бұрын тiркелген туберкулезге шалдыққан науқастардың ем нәтижесі бойынша тоқсандық есеп. Аталған үлгі ТБ 03 туберкулезді тiркеу журналы негiзiнде есеп беріп отырған тоқсанның соңғы күнінен бiр жыл кері қайтып, ретроспективті түрде құрастырылады. Есеп  тікелей тапсыру принципімен  ТБ 07 үлгісі сияқты тапсырылады.
    6. ТБ 10 – 6 ай бұрын тiркелген бактерия бөлушi науқастардың қақырық жағындысының конверсиясы нәтижелерi бойынша тоқсандық есеп.
    7. ТБ 13 – туберкулезге қарсы дәрілердің қолданылуы туралы тоқсандық есеп.
    8. Туберкулезбен ауырған науқастар тұрақты мекен-жайына қарамастан,  ауру анықталған жерде есепке алынып, тіркелуі тиіс.
    9. Өмiрiнде алғаш рет кез-келген ағзада шоғырланған белсендi туберкулез диагнозы анықталған әрбір науқасқа № 089\е хабарламасы толтырылып, үш күндiк мерзiмде ТҚҰ мен  мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қызмет мекемесіне жiберiлуi тиiс. Науқастың өлімінің себебі болған, науқас қайтыс болғаннан кейін анықталған белсенді туберкулез диагнозын фтизиатр растауы керек.
    10. Науқаста туберкулездiң бактерия бөлетiн  түрi анықталса, № 089/е хабарламасына қоса, № 058/е үлгідегі хабарламасы  толтырылып, 24 сағат iшiнде науқастың тұрақты мекен-жайына қатысты санитариялық эпидемиологиялық қызмет органына жiберiлуi тиiс. № 058/е үлгідегі хабарлама алғаш рет анықталған бактерия бөлуші науқастарға ғана толтырылып қоймай, белсендi емес туберкулезi бар науқастарда бактерия бөлу байқалған жағдайда және тiрi кезiнде есепке алынбаған науқас туберкулездіың салдарынан қайтыс болған жағдайларда да  толтырылуы керек.
    11. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткiштердi (науқастану, өлім көрсеткіші) есептегенде тұрақты тұрғын халықты, көшіп-қонушылар (ішкі және сыртқы) мен түрмеде отырған адамдарды ескеру керек және де тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша жеке-жеке сараптама жүргiзiлуi тиіс.

     

    Last Updated (Wednesday, 09 January 2013 16:58)

     

    Государственные символы


    Біздің сұрау
    Сіз біздің мекеменің қызмет көрсету дәрежесін қалай бағалайсыз?
     

    бесплатный счетчик посещений
    купить Apple iPad
    Deprecated: Function ereg_replace() is deprecated in /var/www/v-580/data/www/www.tubdis.kz/plugins/system/jfdatabase/jfdatabase_inherit.php on line 566